A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 17:00 0

Ораза-2026: ҚМДБ пітір садақасының мөлшерін белгіледі

Бүгін / Республика

Пітір садақасын ораза ұстауға шамасы келмейтіндер береді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі informburo.kz сайтына сілтеме жасап.           
                                

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы биылғы пітір садақасының мөлшерін жариялады. Ол бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асының құны ретінде есепке алынады және биыл 4 мың теңге болып бекітілді. 
Былтыр бұл мөлшер 3520 теңге болған. 

- Пітір мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 4000 теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді, – деді наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы. 

Түсіндіре кетейік, Ислам дінінде бұйырылған белгілі бір құлшылықтың орнына төлем жасауды "пітір" деп атайды. Денсаулығына байланысты уақытша ораза ұстай алмаған адам қарыз күндерін Рамазан айынан кейін өтейді. Ал туберкулез, қатерлі ісік, қант диабеті, асқазан жарасы, тыныс және жүрек демікпесі секілді ауруға шалдығып, сауығудан күдер үзген науқастар және жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. "Мұндай адамдар Рамазан айында ұстамаған оразасы үшін қаза болған әр күнге пітір береді.
Сондай-ақ ҚМДБ Төралқа мәжілісінде 2026 жылғы пітір садақасы Қазақстан бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 735 теңге болып бекітілді. 
Ал Қазақстанның ірі қалаларында ораза ұстау кестесін осы жерден көруге болады:
2026 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив