Өңір полицейлері көктайғақта жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Полиция қызметкерлері күшейтілген режимге күшіп, жүргізушілер мен жолаушыларға көмектесіп, ыстық шай мен тамақ таратуда.
Бұдан бөлек, Өскемен – Алматы тасжолында 80-нен астам жүк көлігі, Риддер – Өскемен және Өскемен – Алтай тасжолдарында шамамен 135 автокөліктің қауіпсіз жүруі қамтамасыз етілді.
ШҚО Полиция департаментінің өкілдері азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және алыс жолға шықпауға шақырады.
Пікірлер