A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 17:15 0

Өскемендік студенттер Ауған соғысы ардагерлерімен жүздесті

Бүгін / Өскемен

11 ақпанда А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 Шараның мақсаты сол, Ауған жерінде әскери борышын өтеп, елге аман оралған ардагерлерге құрмет көрсету, қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым ету, жас ұрпаққа ерлік пен отансүйгіштік рухын дәріптеу. Руханият ордасына ардагерлер Еділ Түгелбаев пен Бейсенғазы Нұртазин қонақ ретінде келіп, өздерінің өмір жолы, әскери қызметі, Ауған жеріндегі есте қалған оқиғалары туралы сыр бөлісті. Сондай-ақ ардагерлер соғыс алдындағы дайындық, жауынгерлік міндет, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі және бүгінгі бейбіт өмірдің қадірі жайында ой қозғады.
– Кездесу барысында майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, Ауған соғысына қатысты бейнефильмдер көрсетіліп, патриоттық әндер орындалды. Қатысушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, ерлік, батырлық, жауынгерлік рухты жастар арасында қалай насихаттау қажеттігі жөнінде пікір алмасты, – дейді ұйымдастырушылар.
Шараға ШҚО аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметкерлері мен студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты.
Кеш соңында жүргізуші ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті. Ауған соғысындағы боздақтардың ел алдындағы адал қызметі, жауынгерлік ерлігі – шежіре болып, халық жадында қалады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив