A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 09:30 0

ШҚО полицейлері Өскемен – Алматы тасжолында 200-ге жуық көлікті алып жүрді

Бүгін / ШҚО

Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер Өскемен – Алматы тасжолында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ШҚО Полиция департаментінің 200-ге жуық көлікті қауіпсіз жерге жеткізді. Қозғалыс сақтық шараларын сақтай отырып, патрульдік экипаждардың бақылауымен ұйымдасқан колонналармен жүзеге асырылды.

- Полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. Қосымша жасақтар жұмылдырылып, төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл орнатылған.

ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, жылдамдық режимін сақтауға және алыс сапарлардан бас тартуға шақырады. Азаматтардың қауіпсіздігі өңірлік полиция жұмысының басты басымдығы болып қала береді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив