A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:30 0

Өскеменде «Шабыт мекені» атты суретшілер көрмесі өтті

Бүгін / Өскемен

ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында қос суретші Людмила Ким мен Наталья Краснобаеваның «Шабыт мекені» атты картиналар көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Көрмеде екі автордың 40-тан астам кескіндеме туындысы ұсынылған. Людмила Ким мен Наталья Краснобаева бір мектептің өкілдері, олар белгілі қазақстандық суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Н.П. Аштеманың шәкірттері. Қылқалам шеберлері өз шығармашылығында академиялық реализм дәстүрін жалғастырып, композиция мен түстік үйлесімге, сондай-ақ картинаның ішкі көңіл күйін жеткізуге айрықша мән берген. Экспозицияда әртүрлі жанрдағы туындылар қойылған. Іс-шараға өнерсүйер қауым, кәсіби суретшілер мен көркемсурет оқу орындарының студенттері қатысты.

– Бұл сала менің өміріммен біте қайнасқан. Бала кезімнен сурет салуға қызығып өстім. Осы жолда жүргеніме жиырма жылдан асты. Көбіне жануарлар әлемін бейнелегенді ұнатамын. Бүгінгі көрмеге 20-ға жуық туындымды әкелдім, – деді суретші Людмила Ким.

Айта кетейік, көрме белгілі бір уақыт аралығында музей-қорықта көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив