A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 11:45 0

Шешек тауындағы демалыс аймағына келушілер саны жоспарланған межеден асты

Бүгін / Өскемен

Демалушылар саны бастапқыда жоспарланған көрсеткіштерден едәуір асып кеткен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қала әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, бүгінде аталған нысан қала тұрғындары арасында сұранысқа ие демалыс орындарының біріне айналған. Автотұрақ 40 көлікке есептеліп салынған. Дегенмен демалушылар санының көбеюіне байланысты оның нақты жүктемесі жобада қарастырылған көлемнен асып отыр. 
— Жалпы, бұл демалыс орны аз уақыттың ішінде жақсы нәтиже көрсетті деп есептеймін. Қала тұрғындарының жайлы уақыт өткізуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Сәйкесінше, жоба халық арасында сұранысқа ие екендігін дәлелдеді, - деді шаһар басшысы.
Алдағы уақытта аумақты одан әрі дамыту мәселелері қарастырылатын болады. Атап айтқанда, нысанды жеке басқаруға беру немесе демалыс аймағын бюджет қаражаты есебінен кеңейту нұсқалары. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив