A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:50 0

Өскеменде 450-ге жуық адам көктайғақта жарақат алған

Бүгін / Өскемен

Қалалық травмотология пунктінің мәліметінше, соңғы он күн ішінде 450-ге жуық тұрғын көктайғақта жарақат алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өскеменде 1–10 ақпан аралығында травмотология пунктіне түрлі жарақатпен 646 адам жүгінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың 449-ы тайып құлау салдарынан зардап шеккен. Қалғаны жол апаты және тұрмыстық оқиғаларға қатысты жарақаттар.  
Әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының тарапынан көшедегі көктайғаққа қатысты шағым жиілей түсуде. Сондай-ақ жолдарды тазалауға байланысты да наразылық жетіп артылады. Тұрғындардың айтуынша, арнайы техника жолдың жүру бөлігін тазалағаннан кейін қар үйінділерін тротуарға қарай ысырып кетеді. Бұл жаяу жүргіншілерге қолайсыздық тудыруда. 
Айта кетейік, қаладағы травматология пункті Серікбаев көшесіндегі №2 қалалық аурухананың стационар ғимаратында орналасқан. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив