A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:55 0

Өскеменде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар жиілеуде

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар саны күн санап артуда. Сонымен қатар балаларға қатысты қылмыстық жағдайлар да көбеюде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қала прокуратурасының ақпаратынша, негізгі мәселелердің бірі — ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы. Осыған байланысты қалада құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында рейдтік сипаттағы профилактикалық шаралар жүргізілуде.
Демалыс күндері өткізілген дәл осындай шара барысында қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың болу фактілері тіркелді. Анықталған деректер бойынша олардың ата-аналары мен белгіленген ережені бұзған мекеме басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 
Аталған құқық бұзушылықтарға байланысты прокуратура қаладағы жеке кәсіпкерлерге үндеу жасады. Ойын-сауық орындарына келушілердің жасын бақылау олардың тікелей міндеттері екендігін айтып, заң талаптарын бұзған жағдайда қызметті уақытша тоқтата тұруға дейінгі қатаң шаралар қолданылатынын ескертті. Ескерту сәйкесінше ата-аналарға да жасалды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз жүруі құқық бұзушылықтарға жол ашып қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндігін атап өтті. 
Осы бағыттағы профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив