2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттен қалған қаражат әлеуметтік маңызы бар бағыттарға бөлінді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұны қалалық мәслихат депутаттары да қолдады. Қосымша қаржы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бағытталды.
Қалалық мәслихат хатшысы Александр Светаштың сөзінше, ақша орташа жол жөндеу жұмыстарына, газ тарату қондырғыларын жөндеуге, арнайы техника сатып алуға, электрмен жабдықтау желілерін күтіп-ұстау және жөндеуге, қараусыз жануарларды аулау мен ұстауға жұмсалмақ.
Сондай-ақ 19-шы шағын ауданда су бұру желілерінің құрылысын бастауға қаржы қарастырылған.
Пікірлер