A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 12:10 0

ШҚО-да инвестиция көлемі 838 млрд теңгеден асты

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы 2026 жылды оң динамикамен бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838 млрд теңгеден асып, 8,3 пайызға өсті. Тікелей шетелдік инвестициялар 1,6 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда үш есеге артты. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада үшінші орынға шықты.

Жалпыұлттық пулға жалпы құны 1,3 трлн теңгені құрайтын 67 жоба енгізілген. Қазіргі таңда 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін 49 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші – өнеркәсіп саласы. Аймақтағы барлық инвестицияның 36 пайыздан астамы осы салаға тиесілі. 

Сонымен қатар туризм индустриясы қарқынды дамып келеді. Былтыр салаға тартылған инвестициялар 69 пайызға өсіп, қонақүй және курорттық инфрақұрылым бойынша жаңа жобалар іске асырылуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив