Бұл туралы ШҚО Туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, екі аудан аумағында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтай отырып, шетелдік келушілерге ғана арналған ойын аймақтары ашылуы мүмкін.
Бұл идея ҚР Туризм және спорт министрлігінде айтылып, облыс өз тарапынан бұл ұсынысты қолдады. Казинолардың нақты қайда орналасатын жергілікті әкімдік шешеді.
Бұған дейін, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әр казинодан бюджетке жыл сайын 2–3 млрд теңге салық түсіп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтитынын айтқан. Оның сөзінше, нысандар жағалау маңында орналасады.
Қазақстан азаматтарына казиноға тыйым салынады.
Пікірлер