Өңірде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында студенттердің қатысуымен «Таза Қазақстан – жастар таңдауы» атты ақпараттық-түсіндіру кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шара өңірдің болашағына қатысты ашық диалог алаңына айналып, қоршаған ортаның тазалығы формалды талап емес, жаңа буынның саналы таңдауы екені атап өтілді. Кездесу барысында экологиялық мәдениет, жеке жауапкершілік және тұрақты әрі экологиялық қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы жастардың рөлі мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі бағыттары жан-жақты таныстырылып, экологиялық қауіпсіздік, тұрмыстық қалдықтарды ұтымды басқару, облыста экологиялық волонтерлікті дамыту тақырыптары қозғалды.
Іс-шараның спикері «Қоғамдық экологиялық даму орталығы» ҚБ жетекшісі Ясса Танир болды.
- Таза Қазақстан» – бір реттік акция емес. Бұл – жүйелі жұмыс пен жаңа экологиялық философия. Ал дәл бүгінгі жастар – ертеңгі күннің мәдениетін қалыптастыратын буын. Олардың саналылығы, бастамашылдығы және азаматтық ұстанымы өңіріміз бен еліміздің келешегін айқындайды, - деді ол.
Кездесу мазмұнды әрі еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушыларды ортақ идея төңірегіне біріктірді.
Пікірлер