ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, медиа тұлғалар мен блогерлердің қатысуымен салық төлеушілер, жеке кәсіпкерлер, микро және шағын бизнес субъектілері арасында ауқымды ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түсіндіру іс-шаралары базарларда және халық көп шоғырланатын орындарда өткізіліп, жаңа Салық кодексінің өтпелі ережелері, соның ішінде салық салу режимін таңдау және өзгерту мәселелері бойынша ақпарат беруге бағытталған.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес үш арнайы салық режимі қарастырылған: өзін - өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізінде, шаруа және фермер қожалықтары үшін.
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 28 ақпаннан кешіктірмей қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы тиіс.
Хабарлама ұсынылмаған жағдайда 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне көшіру жүзеге асырылады.
Хабарламаны Салық төлеушінің кабинеті, «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы, орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына барып немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Мемлекеттік кірістер органдары 28 ақпан қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынудың соңғы мерзімі екенін еске салады.
Пікірлер