A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 10:25 0

Шығыс Қазақстан – жаңа мектептер көп салынып жатқан облыстың бірі

Бүгін / Басты / ШҚО

Биыл елімізде жалпы саны 47 мыңға жуық оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жаңа оқу орындарын салу әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, мемлекеттік қор мен білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар тартылуда.
Жаңа мектептердің басым бөлігі Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында салынуда.
Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет салу жоспарда бар. Соңғы үш жылда барлығы 4320 пәндік кабинет салынған.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектеп инфрақұрылымын бірыңғай заманауи форматқа көшіру мақсатында 2029 жылға дейін 1300 мектепті жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның ішінде 900-і ауылдарда орналасқан. Өткен жылдың қорытындысында 209 мектепте жұмыстар аяқталды, ал 2026 жылы тағы 98 мектепте жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Күрделі жөндеу жүргізіліп, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, спорт залдарын қайта салу, рекреациялық және қоғамдық кеңістіктерді жақсарту, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету қарастырылған.
2025 жылдың қорытындысында елде 236 мыңға жуық оқушыға арналған 162 мектеп құрылысы аяқталды. Соңғы үш жылда 746 мың оқушы орнына есептелген 584 мектеп пайдалануға берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив