A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:50 0

Өскемен әкімдігі тұрғындар шағымына құлақ түріп, тротуарларды тазартып жатыр

Бүгін / Өскемен

Кейбір көшеде қар мен мұзды қырып қана қоймай, бірден жүк көліктеріне тиеп, қаладан шығарып әкетуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Бұл жолы қар тазалау жұмыстары Назарбаев даңғылында жүргізілді. Қалалық ТҮКШ бөлімі мәліметінше, тротуарды трактор тазалап, қар мен мұзды тиеуге арналған жүк көлігін пайдалануда. 

Қала тұрғындары дәл осындай жұмысты көптен бері талап етіп келген. Бұған дейін көшелер тазаланған соң, жол жиегі мен тротуарларға үйілген қар көбіне шығарылмай, жаяу жүргіншілер үшін қосымша қауіп тудыратын.

Сонымен қатар «Таза Өскемен» мекемесі қаладағы кейбір көшеде тротуарларға құм себу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл тайғақтың алдын алып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив