A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:00 0

ШҚО әкімінің экс-орынбасарына Алматы әкімдігінен лауазымды қызмет бұйырды

Бүгін / ШҚО

Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті өкімге қала әкімі Дархан Сатыбалды қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлық шешім Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген.

— Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді, - делінген хабарламада.

Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін «экономика» және «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.

2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сияқты әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.

Фото: BES.media

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив