A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:40 0

Өскеменде волейбол орталығының құрылысы басталды

Бүгін / Өскемен / Спорт

Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскеменде волейбол орталығының құрылысы басталған жер учаскесіне барды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Екіқабатты орталықта 2 волейбол залы болады. Оның бірі жарыстар өткізуге, екіншісі дайындық жасауға арналған. 

Негізгі залға жалпы саны 200-ге жуық көрермен сыяды. Барлық спорт залдары киім ауыстыру бөлмелерімен, душпен және санитарлық тораптармен толық қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер – «DK PROEKT». 

Аймақ басшысы өз сөзінде құрылыс сапасына баса мән беру керектігін жеткізді. 

- Өңір волейболы қарқынды дамып келе жатыр. Сондықтан біз бұл спорт түрімен шұғылданатын жандарды жан-жақты қолдауымыз керек. Жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген облысымыздың «Berel» волейбол клубының өз залы болуы тиіс. Олар халықаралық додаларда үздіктердің қатарынан көрініп, өз жанкүйерлерін қуанта береді деп сенемін, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, волейбол орталығы 2026 жылдың желтоқсан айында салынып бітеді деп жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив