Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Биыл ораза ұстау мерзімі 29 күнге созылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт мерекесі 20 наурызда атап өтіледі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен 2026 жылғы пітір садақа мөлшері 735 теңге болып белгіленді.
Облыстың бас имамы Думан Сайфулланың айтуынша, Рамазан айында өңірде қайырымдылық пен рухани іс-шараларға басымдық беріледі. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарға азық-түлік себеттерін тарату, мешіттерде күнделікті ауызашар дастархандарын ұйымдастыру, жастарға арналған рухани-танымдық кездесулер өткізу, құран хатымдары мен діни сауат ашу сабақтарын жүргізу, тарауық намазын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту.
Ал дәрігерлердің сөзінше, жүрек-қан тамырлары, эндокрин жүйесі немесе онкологиялық аурулары бар азаматтар мен мектеп оқушылары оразаны ұстамас бұрын міндетті түрде медициналыұ кеңес алуы керек.
Пікірлер