A+ A A-

talgatzhan 32 Кеше, 15:20 0

ШҚО-да медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін / ШҚО

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшесі Олжас Нуралдинов және Шығыс Қазақстан өңірлік коалициясының мүшелері Өскемендегі денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесіп, Конституция жобасын талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кездесу барысында коалиция мүшелері медицина қызметкерлеріне ұсынылып отырған конституцияның жобасындағы өзгерістердің маңызын жан-жақты түсіндіріп, олардың азаматтардың құқықтарын қорғау мен әлеуметтік саланы дамытудағы рөліне тоқталды.

Республикалық коалиция мүшесі Олжас Нуралдиновтың сөзінше, жаңа Конституция – елдің болашағына бағытталған маңызды қадам.

- Денсаулық сақтау саласы – қоғамның ең өзекті бағыттарының бірі. Сондықтан Конституцияда азаматтардың сапалы медициналық қызметке қолжетімділігі мен әлеуметтік кепілдіктердің нақты айқындалуы аса маңызды. Бұл өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға және саладағы жүйелі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, – деді Олжас Нуралдинов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив