Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында банкоматтар мен төлем терминалдарының маңында профилактикалық кезекшілікті жалғастырып жатыр, деп хвбарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, соңғы уақытта алаяқтықтың үш дерегі анықталған.
Алғашқысында өзін жеткізу компаниясының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар азаматты 3 млн теңге аударуға көндірмек болған. Алайда полиция қызметкерлері араласып, қаржы аударымының алдын алды.
Екінші оқиғада егде жастағы әйел белгісіз адамға 35 мың теңге жіберуді жоспарлаған, бірақ полицейлермен жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан кейін бұл әрекеттен бас тартқан.
Тағы бір жалған инвестиция схемасы әшкереленді. Егде жастағы ер адамға «кепілдендірілген табыс» уәде етіліп, арнайы «куратор» тағайындалған. Ол 3 млн теңге аудармақ болғанымен, полиция қызметкерлері бұл әрекетті тоқтатты.
Қазір интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар жалғасуда.
Полиция тұрғындарды сақ болуға шақырып, белгісіз адамдардың ақша аудару жөніндегі талаптарын орындамауға, күмәнді жағдай туындаған кезде 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.
Пікірлер