Шұғыл көмек 1980 жылы туған ер адамға қажет болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Қазавиаспас» Төтенше жағдай министрлігінің ұшқыштары Сергей Пинигин, Леонид Каликанов, Айдар Мамырханов тапсырманы жылдам әрі сауатты орындады. Санитарлық авиация дәрігерлері Айгүл Құдырбаева мен Назым Бейсенбаевамен бірге көмекке мұқтаж 1980 жылы туған ер адамды облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізді.
– Пациентті тасымалдау үшін тікұшақ әдетте шалғай аудандардан эвакуация қажет болғанда, науқас қозғалмайтын жағдайда және адамның өмірі бірнеше сағатпен есептелетін жағдайда пайдаланылады, – делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі бөліскен ақпаратта.
Пікірлер