A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 09:10 0

ШҚО-да көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кеңес өтті

Бүгін / ШҚО

Кеше облыс әкімдігніде өткен арнайы кеңесте су тасқыны кезеңіне қатысты ахуал жан-жақты талқыланып, қауіпсіздік шараларының орындалу барысы сараланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Жиын басында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов алдын алу жұмыстарына басымдық беру қажеттігін атап өтті.
- Біздің міндетіміз – салдарын жоюмен ғана шектелмей, су тасқынына жол бермеу үшін жүйелі әрі кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізу, – деді ол. 
Облыс аумағында су басу қаупі бар 71 елді мекен тіркелген. Онда 8000-нан астам адам тұрады. Өткен жылы жүргізілген ауқымды инженерлік жұмыстардың нәтижесінде 16 елді мекенде қауіп толық жойылып, 50 елді мекенде тәуекел деңгейі едәуір төмендеді.
- Дегенмен бес елді мекенде қауіп сақталып отыр. Табиғи факторларға байланысты жағдай күрделенуі мүмкін екенін ескере отырып, қажетті күштер мен құралдар алдын ала әзірленді. Қажет болған жағдайда жұмылдырылатын топ құрамында 3 600-ден астам адам, 550 техника, 75 жүзу құралы және 250-ден аса мотопомпа бар, - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рашид Блялов. 
Халықты жедел хабардар ету мақсатында өңірде 48 дауыс зорайтқыш орнатылған. Қауіп күшейген жағдайда халықты көшіру үшін 21 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 82 эвакуациялық пункт әзірленген. Бұдан бөлек, көктемгі су тасқынына дайындық аясында бірқатар нақты тапсырма берілді. ШҚО Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, қала және аудан әкімдіктеріне 1 наурызға дейін барлық гидротехникалық нысанды комиссиялық тексеруден өткізу жүктелді. Олардың техникалық жай-күйі, қауіптілік класы, тозу деңгейі және апат алдындағы белгілер анықталуы тиіс.
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалына су деңгейінің өзгеруі, қауіпті межеден асу ықтималдығы және мұз кептелісі болуы мүмкін аумақтар туралы қысқа және орта мерзімді гидрологиялық болжамдарды тұрақты түрде ұсыну тапсырылды. Сондай-ақ ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, бейінді басқармалар және гидрометеорологиялық қызмет 1 наурызға дейін су тасқынының даму жоспарын әзірлеп, ықтимал салдарын есептеуі қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив