ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мұз айдындарында 1500 рейд өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құтқарушылар азаматтарға қауіпсіздік ережелерін еске салады.
Қыс мезгілінің басынан бері облыста 72 адам қауіпсіздік шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің" 46-тармағының 4-тармақшасына сәйкес көлік құралдарымен өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс мұзға шығуға жол берілмейді.
Пікірлер