A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:45 0

Өскеменде жаңа жылу электр орталығының құрылысы 2029 жылдың соңында аяқталады

Бүгін / Өскемен

Көкшетау, Семей және Өскемендегі ЖЭО-лардың құрылысына "Самұрық-Энерго" компаниясы жауапты. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сұңғат Есімхановтың сөзінше, бұл жобаның тапсырыс берушісі ретінде "Самұрық-Энерго" компаниясы айқындалды.

- Үш жылу электр орталықтарына келсек, шешім қабылданды. "Самұрық-Энергоға" құрылыс жүргізу жөнінде тапсырма берілді. Барлық еншілес компаниялармен инвестициялық келісімдерге қол қойдық. Сондықтан да біздің әріптестеріміз осы мәселемен айналысып жатыр. Консорциум болады, – деді вице-министр.

Белгілі болғандай, сәуір айында барлық алаңда дайындық жұмыстары басталуы тиіс. 

- Көкшетауда бұл жұмыстар былтыр басталды. Көкшетаудағы ЖЭО құрылысының аяқталу мерзімі 2029 жылдың ортасы деп белгіленіп отыр. Семей мен Өскемендегі ЖЭО-ларда құрылыс жұмыстары 2029 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр, – деп түсіндірді Энергетика вице-министрі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив