Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді аулалар мен кварталішілік аумақтарды абаттандыру жұмысын ұйымдастыру міндеттері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен тұрғын үй қатынастары бөліміне берілді.
Туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру қызметі дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелді.
Ал дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қосылды.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер