ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мұндай жағдайда Қылмыстық кодекстің 380-бабы, яғни «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» бойынша жауапкершілік қарастырылғанын айтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- Қостанайда 380-баптың 6-бөлімі бойынша үш күдікті ұсталды. Атырауда және Өскеменде де күдіктілер осындай айыппен құрықталды. Аталған екі қалада полицейлер қызмет барысында соққыға жығылды. Ал Қостанайда тәртіп сақшысы азаматтарға қызметінен тыс уақытта ескерту жасап, шабуылға ұшыраған. Күдікті ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, - деді Санжар Әділов.
Полицейлерді сабағандар сот санкциясымен қамауға алынды.
Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары жұрттың полиция қызметкерлеріне деген көзқарасы жөнінде айтты.
- Полиция жұмысына қатысты халық оң пікірде. Қоғам «Заң мен тәртіп» идеологиясын толықтай қолдап отыр. Бұл ұстанымның негігзгі бағыттарының бірі — құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу. Атап өткіміз келетін жайт — елде құқықтық мәдениет жоғары деңгейде. Полицейлерге қарсы күш қолдану бойынша бірен-саран факті тіркеліп, күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалпы, барлық істе соңғы нүктені сот төрелігі қояды, - деді ол.
Пікірлер