Тоқты
Қазіргі беймаза шақты елемей, қараны ақ, шөлді көл етерліктей байыпты сәтке тап болу үшін барынша белсенді болыңыз. Бірақ қаржы мәселесіне келгенде сол белсенділдікті ауыздықтай тұрғаныңыз жөн: оңды-солды шашпаған жөн.
Торпақ
Әлдеқандай өзгеріс жасауыңызға тура келеді. Қандай да бір жоспарды іске асырғыңыз келсе көп ойланбастан іске кіріскеніңіз абзал. Сүйгеніңізбен артық сөзге келмей, тату болғаныңыз ләзім: кейін тіл табысу қиын болмақ.
Егіздер
Жеке өміріңіздегі маңызды оқиғаларды өзгелерден жасырын ұстағаныңыз жөн, көпшілік қызғаныш білдіреді. Жұртты ұдайы дүрліктіріп, болмағанды болдыға ұластыратын өсек-аяңға жақын таныстарыңызды аулақта ұстаңыз.
Шаян
Кейбір жайттарды осы бастан жоспарлап, күн тәртібіңізге бекітіңіз. Апта соңында жұлдызнамаңыз сәйкес келетін ерек жанды жолықтырасыз. Қарбалас жұмыс болса еш қаймықпаңыз: барлығына үлгересіз.
Арыстан
Өміріңізге өң кіргендей. Нәзік жандыларға сәнді көйлек сатып алып, дүкен аралап қайтуларына болады. Қыркүйек айының 6-8 аралығында қатты қажеттілік туындаса да қарызға ақша алмаңыз.
Бикеш
Қазір бала-шағаңыз аз-кем еркелікке басып, жұмыстан шаршап келгеніңізде мазалап жібереді. Ұжымдағы әріптестеріңіз де қолұшын беруде қауқарсыз болмақ. Одан да бойыңыздағы жинақылықты бағдар етіңіз.
Таразы
Апта басында болған кикілжіңнен соң татуласу қиынға түседі. Былайша айтқанда, арба да сынып, өгіз де өлгендей. Алайда Таразылардың асыл қасиеттерінің бірі – адалдық, соның арқасында талай кедергіден сүрінбей өтесіз.
Сарышаян
Жоспарда болмаған сапарларға шығудан жасқанбаған жөн. Кәсіби тәжірибе мен қайталанбас эмоцияларға ие боласыз. Қыркүйектің алғашқы онкүндігі айтулы күндерді атап өтуге қолайлы.
Мерген
Жаңа таныстық орнатсаңыз әсіре сақ болыңыз: қазір алаяқтар да көбейе түскен. Аптаның екінші жартысында кейбір Мергендер өздерін жайсыз сезінулері мүмкін. Мейілінше дәрумені мол тағамдар тұтынуға тырысыңыз.
Тауешкі
Қазір ешәрсеге үлгермейсіз. Себебі бір мезетте бірнеше тапсырма қордаланып, шаруаңыз шаш етектен көбейеді. Мұндайда сыншылар да көбейіп, әр қимылыңыз талқыға түседі.
Суқұйғыш
Ақша еш күтпеген жерден келеді. Амал нешік, оны бірден жаратасыз. Алайда қалтам жұқарды деп еш қынжылмаңыз, апта соңында басшылықтың сыйақы жазып беруі ғажап емес. Демалыс күні табиғат аясына шығып қайтыңыз.
Балықтар
Отбасы мүшелері өзара түсініспей қалулары мүмкін. Қазір ұтымды қадам жасамасаңыз болмас. Кей нәрселер тікелей сіздің қатысуыңызбен шешілмек. Сондықтан жағдайды ушықтырмай, осы бастан татулықтың кілтін іздей беріңіз.
Пікірлер