A+ A A-

talgatzhan 8 25-09-2026, 16:00 0

ШҚО-да мүгедектігі бар тұрғынға мемлекеттік қызмет алу кезінде кедергі келтірілген

---

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Өскемен тұрғынына мемлекеттік қызмет көрсету кезінде деректердің сәйкеспегендігін анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, биыл шілде айында Департаментке Өскемен қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінген тұрғынның өтініші түсті. Радужный тұрғын алабында тұратын III топтағы мүгедектігі бар азаматқа «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық және көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету мүмкін еместігі туралы өтініш жолдаған.
Өтінішті қарау барысында мәселенің мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректердің сәйкеспеуіне байланысты туындағаны анықталды.
«Цифрлық үкімет» порталы арқылы өтініш бергенде өтініш автоматты түрде Глубокое аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Е-Собес» ААЖ ақпараттық жүйесіне жіберіліп отырған.
–  Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 ақпандағы қаулысына сәйкес, Радужный тұрғын алабын қоса алғанда, Глубокое ауданы аумағының бір бөлігі Өскемен қаласының әкімшілік шекарасына енгізілген болатын. Осылайша, аумақтың әкімшілік-аумақтық тиесілігі өзгерген соң мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі тиісті мәліметтер уақтылы жаңартылмаған, –  делінген ақпаратта.
Департамент өкілдері анықталған сәйкессіздікті жою үшін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеп, өзектендіруге жауапты орталық мемлекеттік органдарға тиісті өтініштер жолдады. Қабылданған шаралар нәтижесінде ақпараттық жүйелерге қажетті түзетулер енгізілді. Техникалық мәселе жойылып, азаматқа мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Кейіннен мемлекеттік қызмет толық көлемде көрсетілді.
–  Мұндай мәселелерді анықтау және жою, мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету және оларды алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып саналады, –  деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысы Ержан Айқымбеков.

Фото: istock

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив