Бахрейн астанасы Манама қаласындағы ауқымды аламанның жарыс күні ертең басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеке-командалық ел чемпионатында топ жарған Денис Ұланов әлі де тұғырдан түсе қоймағанын дәлелдеді. Алтай ауданының тумасы жаһандық жарыста әлі медаль ала қоймаған. Бұл жолы барын салары сөзсіз.
Жалпы, Әлем чемпионатының алдында сарапшылар жеңіл салмақ дәрежелерінде Азиядан шыққан ауыр атлеттер үздік нәтиже көрсетеді деген болжам жасады. Olympic.kz дерегінше, ауыр салмақта медальдар саны бойынша көшбасшы Солтүстік Корея болады деп күтілуде. Қазақстан құрамасын жүлдеге таласатын елдер қатарына қосты.
Ел құрамасы ерлер арасындағы жарыстарға ең көп қатысушы (10 адам) шығаратын жеті команданың қатарына енді. Бұл тізімге Армения, Қытай, Колумбия, Иран, Солтүстік Корея және Мексика да кірді.
Төменде Қазақстан ерлер құрамасының тізімі берілген:
1.Ақмолда Сайрамкез ( 67 келіге дейін)
2.Александр Уваров ( 81 келіге дейін)
3.Алексей Чуркин ( 81 келіге дейін)
4.Денис Уланов ( 89 келіге дейін)
5.Денис Полубояринов ( 89 келіге дейін)
6.Кириил Староверкин ( 96 келіге дейін)
7.Нұрғиса Әділетұлы ( 96 келіге дейін)
8.Артем Антропов ( 102 келіге дейін)
9.Андас Самарқанов ( 109 келіге дейін)
10.Мейрам Сұлтан ( 109 келіге дейін)
Фотосурет Olympic.kz сайтынан
Пікірлер