Онымен қоса ол жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алтай аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қаралды. Бұл көлік жүргізіп келе жатқан адамның абайсызда адам өліміне әкелетіндей жол ережесін бұзуына байланысты.
Қазан айының 4-і күні кешкі сағат 17:30 шамасында жолаушысы бар көлік Алтай қаласында М.Горький көшесінен шығып алып Панфилов көшсімен келе жатқанда солға бұрыламын деп скутер жүргізушісіне жол бермеген. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде скутер жүргізушісі оқиғи орнында тіл тартпай кетті.
Бап санкциясы жүргізуші куәлігінен бес жылға дейін айыру және бес жылға дейін қандай да бір қызметте отыру құқығынан айыруды көздейді.
Көлік жүргізушісі кінәсін мойындағандықтан сот оның жазасын жұмсартты. Сөйтіп, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан және бес жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Енді ол жазасын барынша қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фотосурет Qaz365.kz сайтынан
Пікірлер