A+ A A-

talgatzhan 61 23-12-2024, 10:30 0

Алтай ауданында қасқыр мен түлкіден құтыру ауруы анықталған

Алтай / Бүгін

Өңір әкімі Ермек Көшербаев аймақтағы құтыру ауруына қатысты халықпен ақпараттық жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл Алтай аумағында жабайы жануарларда құтыру ауруының екі жағдайы тіркелді. Ауру қасқыр мен түлкіден анықталған. 
- Бұл ақпаратты тек бейінді басқармалар ғана біледі. Осыған сәйкес халыққа да ақпараттық ескерту жүргізілуі керек. Сырқат жабайы аңдарда анықталғанымен, бес адамға аса қауіпті ауруға қарсы вакцина салынды, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар мұндай көрсеткіш жабайы табиғат үшін қалыпты жағдай. Десек те облыс әкімі мұндай жағдайларда халықпен өзара іс-қимыл алгоритмін кеңейтуді тапсырды.
- Ветеринария және денсаулық сақтау басқармалары, басқа да бейінді басқармалар құтыру ауру туралы сапалы ақпараттандыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізуі тиіс, - деді Ермек Көшербаев.

Фотосурет azattyq-ruhy.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив