Жуырда мемлекеттік сатып алу конкурсы өтеді делінгенімен, өтінім беруге ешкім құлшынбаған сияқты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі қазан айының 3-і күні бітіп қойды. Бірақ жеңімпаз анықталған жоқ. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне делінген қызметтік көлік 20 млн 535 мың 714 теңгеге сатып алынуы тиіс. Техникалық құжаттамаға сүйенсек, экологиялық класс кемі Еуро-5 деп көрсетілуі тиіс. Автокөліктің ені кемі 1865 мм болуы керек.
- Ұзындығы кемі 5320 мм, салмағы 1980 келіден төмен емес және кемі бес адамға арналған орын болуы қажет. Жүк қоятын бөлігінің ұзындығы мен ені 1555*1545 мм, дөңгелектің жолтабаны 1565 мм, қозғалтқыш түрі - дизельдік, кузов түрі - Пикап болуы шарт. Дөңгелек өлшемі кемі 265/70 R 16, кепілдік мерзімі - 1 жыл, - делінген құжаттың техникалық сипаттамасында.
Порталдағы дерекке сүйенсек, көлікті әкелген бойда жеткізуші көлік құралын Қазақстандағы тиісті мекемелерге тіркеу үшін құжаттарын көрсетуі керек. Жоқ дегенде 2023 жылы шығарылған болуы тиіс.
Бірақ қазан айының басында өтінім қабылдау мерзімі біткен конкурс өтпеген деп танылған. Әлде, 20 млн теңгеге қызықпады ма екен?
Фотосурет ашық дереккөзден
Пікірлер