Мәлім болғандай, қайғылы жағдай Торанғы шығанағында болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, Бұқтырма су қоймасында, Торанғы шығанағында 1993 және 1986 жылы туған екі адам балық аулау кезінде қайықпен аударылып, суға батты.
- ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуір-құтқарушылары күшімен іздеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде қаза болғандардың денелері табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болған жоқ, - делінген ақпаратта.
Фотосурет jasqazaq.kz
Пікірлер