A+ A A-

talgatzhan 83 20-11-2024, 12:50 0

Күршім ауданында 100-ден астам адам баспана кезегінде тұр

Күршім / Бүгін

Ресми мәліметті аудан әкімдігі өкілдері ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлғалардан «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрадық.
Ресми мәліметке сүйенсек, аудан көлемінде барлығы 109 адам үй кезегінде тұр. Баспана салу үшін қанша қаржы бөлінгені жөнінде ақпарат толыққанды ұсынылды.

1) Баспана салуға – 418 млн 400 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:
2) Республикалық бюджеттен – 392 млн 395 мың теңге
3) Облыстық бюджеттен – 26 млн 5 мың теңге.

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен салынған үйлер коммуналдық тұрғын үйге мұқтаж және кезекте тұрған барлық санат бойынша кезектеріне сәйкес бөлінуде. Ауданық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данияр Китакпаевтың сөзінше, салынатын үйлер 3 бөлмеден тұрады. Баспаналар сапасы бойынша түскен арыздар кепілдіктерге сәйкес мердігерлермен бірлесе шешіледі.
– Баспанаға деген қажеттілік аудан орталығы Катонқарағай ауылында көбірек байқалады. Аталған бағдарлама аясында ауданда осы жылы 12 екі пәтерлі үй (24 үй) сатып алу жоспарланған, – делінген ақпаратта.

Фотосурет: Almaty.tv

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив