A+ A A-

talgatzhan 49 21-11-2024, 10:45 0

Күршім ауданындағы 10 ауылда баспана құрылысы жалғасып жатыр

Күршім / Бүгін

Мұнда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасына сәйкес салынып жатқан үйлер жұмыс бітсе, бірнеше санаттағы тұрғындарға қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ауданда биыл аталған бағдарлама аясында республикалық бюджеттен – 367,3 млн. теңге, облыстық бюджет есебінен – 23,9 млн. теңге бөлінді. Күршімдіктер құрылыс бітсе, баспана алдымен үй кезегінде тұрған отбасыларға берілетінін айтты. Соның ішінде, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтің осал тобындағы тұрғындар бар. Бұдан бөлек, медицина қызметкерлеріне, баспаналары апаттық жағдайда тұрғандарға заңға сәйкес пропорционалды түрде беріледі. 
– Күршім ауданында аталған бағдарлама аясында салынатын баспана саны Kezekte.kz сайтында кезекте тұрғандар саны мен ауылдық округтердегі тұрғындардың сұранысына сәйкес анықталады. Биыл 10 елдімекенде 28 тұрғын үй көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтарға салынуда, – деді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әзімбаев.
Нақты айтсақ, Күршім ауылында – 6, Сарыөлеңде –  6, Бірлікте    – 2, Теректібұлақта – 2, Құйғанда – 3, Бурабайда – 2, Қаратоғайда – 2, Барақ батырда – 3 үйдің құрылысы жалғасуда.
Бұдан бөлек, Алғабас пен Қойтас ауылдарында бір-бір баспана бой көтермек. Биылға бас-аяғы он ауыл қамтылған. Анығы сол, баспана салуға жауапты мердігерді анықтау кезінде көбінесе жергілікті аудан азаматтары қарастырылады. Ауданда салынып жатқан тұрғын үй құрылысын бірнеше мердігер компания жүзеге асыруда. Оның Күршім аумағында тіркелуі міндетті емес.
– Салынып жатқан үйлер үш бөлмеден тұрады. Бүгінге дейін оның сапасы туралы арыз-шағым түскен жоқ. Биыл қыркүйек айының 1-і күнгі ақпаратқа сүйенсек, ауданда барлығы 289 отбасы үй кезегінде тұр. Оның ішінде, 47 көпбалалы отбасы, 137 әлеуметтік осал топтағы тұрғын  бар. Баспанаға Күршім ауылында сұраныс көп. Жалпы, жыл біткенше 28 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған, – деді Қайрат Әзімбаев.
Құрылыс уақтылы бітіп, сапасы ойдағыдай болса, көп адамға қуаныш. Ал біз әзірге осы төрт ауданмен шектелдік. Газеттің келесі нөмірінде қамтылмаған қалалар мен аудандарда атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпар ұсынбақпыз.

Фотосурет krmm.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив