A+ A A-

talgatzhan 44 26-11-2024, 17:00 0

Маралдыда алтын өңдеу фабрикасы іске қосылды

Күршім

«ВСАМ Продакшн» ЖШС өкілдері Күршім ауданына қарасты Маралды ауылында алтын өңдеу фабрикасының құрылысын аяқтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған кәсіпорын директорының орынбасары Талғат Мақатаетың сөзінше, фабриканы іске қосуға қажетті барлық рұқсаттарды алған және бүгіннен бастап толық көлемде жұмыс істеуге көшпек.
Фабрика басшылығының өкілі компанияның барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жергілікті халық алдында уәде етілген әлеуметтік міндеттемелерін толықтай орындайтынын атап өтті. Аудандық мәслихат депутаты Ляззат Құмарованың сөзінше, көпір ашылғалы енді тұрғындарға жаңа жұмыс орындары керек.
– Жергілікті халық негізінен балық аулап күн көреді. Себебі, маңайда Ертіс өзені мен Зайсан көлі бар. Балықшылар көбінде өмірлерге қатерге тігіп, жұмыс істейді. Мұз үстінде тіркелген қайғылы жағдайлар да көп. Балық аулап, нәпақасын тапқан азаматтар фабрикаға жұмысқа орналасса, тұрақты жалақы алып отырады, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив