Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Альбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Анықталғандай, балабақша кезегінде тұрғандардың көбі Күршім ауылының тұрғындары. Аудан басшылығы ақпаратынша, жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы орын тапшылығын назарға ала отырып, аудан орталығында жаңа балабақша ашу жұмыстары жүргізілуде.
- Маусым айынан бері әскери бөлімге тиесілі бұрынғы балабақша ғимараты бойынша "Эпиона LTD" ЖШС қайта жаңартуды қолға алды. Қазір пластикалық терезелер орнату, шатырды ауыстыру және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, - деді Мейіржан Альбеков.
Бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдау 2025 жылы басталады. Күршім ауданында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 97,9%-ды құрайды. 564 балаға арналған 21 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 280 орындық екі мемлекеттік балабақша және 19 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепалды даярлық сыныптарында 252 бала оқиды.
Пікірлер