Ресми ақпарат аудан әкімі Алмат Ақышовтың парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салтанатты шара жуықта Астана қаласында өтті.
– Ауылдасымыз Хасен Қайроллаұлы Зәкәрияға «Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер саласының үздігі» медалі табыс етілді. Жерлесіміз әдебиетте өзіндік қолтаңбасын қалдырған кемел жазушы, республика жұртына танымал ақын. Ауданымыздың ғана емес жалпы шығыс өңірінің абыройын асқақтатып, өлең-сөздің хас шебері екендігін тағы бір мәрте дәлелдеген Хасен Қайроллаұлын шын жүректен құттықтаймын! – деді аудан әкімі.
Фотосурет Алмат Ақышовтың жеке парақшасынан
Пікірлер