Алдағы сенбіде облыс орталығында кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жолы Жібек жолы даңғылы, 44 мекенжайында өтетін жәрмеңкеде Күршім мен Марқакөл аудандарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынбақ. Тұрғындар назарына әдеттегідей арзан бағада ет, балық, май, сүт өнімдері, күнбағыс майы, бал, көкөніс саудаланады. Кезекті ауылшаруашылығы жәрмеңкесі алдағы сенбіде, яғни қараша айының 2-і күні таңертең сағат 8:00-де басталады.
Пікірлер