A+ A A-

talgatzhan 28 21-11-2024, 15:40 0

«Берел» арулары Ұлттық лига командалары арасында көш басында тұр

Өскемен / Бүгін

Жуықта Өскеменде Ұлттық лига командалары арасында бірінші тур ойындары өткен болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресейлік маман Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын ұжым жеті ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Өткенде жазып едік, қарқын алып алған «Қарағанды» волейболшылары соңғы ойындарын «Қуаныш» және «Жетісуға» қарсы өткізіп, ұпай жоғалтуы мүмкін деп. Солай болды да, Себебі, олар алғашқы ойындарында бірде-бір рет жеңілмей, турнир кестесінде бірнеше күн бойы тізгінді бермеді. 
Кейін «Берел» жүйелі ойынын жоғалтпай, соңғы матчтардың бірінде өзінің сыралғы қарсыласы «Тұранды» ұтты. Қарсылас оңай шағылар жаңғақ болмады. 5-ші сетте жеңіліп, бір ұпай олжалап кетті. «Жетісумен» де сондай ойын тіркелді. 
Осының бәрі жалпы ұпайға әсер етіп, қазір «Берел» мен «Жетісу» 19 ұпайдан еншілеген. Бірақ жеңілмеген өскемендік клуб бірінші орында тұр.
Айтпақшы, екінші тур ойындары да желтоқсан айының басында Өскеменде өтпек. Ал турнир кестесі төмендегідей:
1) «Берел» – 19 ұпай;
2) «Жетісу» – 19 ұпай;
3) «Қуаныш» – 15 ұпай;
4) «Қарағанды» – 15 ұпай;
5) «Тұран» – 13 ұпай;
6) «Ару Астана» – 9 ұпай;
7) «Алматы» – 8 ұпай;
8) «Грация KZ» – 4 ұпай:
9) «Ақтөбе» – 3 ұпай;
10) «Ертіс» – 0 ұпай.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив