A+ A A-

talgatzhan 89 21-11-2024, 16:57 0

2025 жылы Ертіс көпірінің астынан жаңа жол салына ма?

Өскемен

Келер жылы Славский жағалауы мен Пермитин көшесін қосатын көпір астындағы жол салынуы мүмкін, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Көпір жанындағы бес көше түйісетін айналма жолда кептеліс пен жол көлік-оқиғалары жиі болады. Бұл инфрақұрылымдық нысанды әрбір қала тұрғыны асыға күтуде. Өскемен қаласы әкімінің айтуынша, жобаны одан әрі іске асыру Қаржы министрлігінің қаржыландыруына байланысты.
– Бұл жол өскемендіктерге қажет. Себебі бұл Ертіс көпірі маңындағы айналма жолдағы кептелістерді 20 пайызға азайтады. Тұрғындар «ADK» сауда орталығынан немесе Пермитин көшесі арқылы Славский жағалауына емін-еркін шыға алады. Сондықтан бұл жобаны ертерек аяқтау керек. Жоба бойынша экологтардың, Ертіс бассейндік инспекциясының, табиғат қорғау прокуратурасының – барлығының келісімі бар. Менің ойымша, бүгінде бұл салынуы тиіс басты нысандардың бірі. Өкінішке қарай, биыл жоба құрылысын аяқтай алмадық, –  деді Жақсылық Омар.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде жаңа жобаның іргетасын қалау басталған, нақты айтқанда жолды таспен толтыру аяқталды. Ендігі қалғаны – тегістеп, асфальт төсеу. Бірақ жоба қаржыландырудың болмауына байланысты тоқтап тұр. Құрылысты аяқтау үшін тағы 2,5 миллиард теңге қажет. Қала бюджетінде бұндай сомадағы қаржы жоқ. Әкімнің айтуынша, облыстан немесе республикадан көмек қажет.
– Жыл басында өтініш берілді. Сәйкесінше, құрылысты қаржыландыруға уәде де берілді. Бірақ уәде биыл жүзеге аспады. Қаржы министрлігі 2025 жылы жобаны қаржыландырып, жол құрылысы аяқталады деген үміттеміз, – дейді әкім.

Фотосурет: https://yk-news.kz/

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив