Екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдай Өскеменде бірнеше күн бойы сақталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Күн суытса болды Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай жиі тіркеледі. Мысалы, өткен айда 13 күн бойы ауа қабаты ластанған. Дәл осылай қараша айында да метеожағдай бірнеше күн сақталмақ.
Біраз уақыт бұрын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде қалай қорғану керектігін айтты.
Мамандар ұсынған қауіпсіздік шаралары:
• физикалық белсенділікті азайтып, далада көп жүрмеңіз;
• балабақшадағы балалардың далада серуендеуіне, ал мектеп оқушыларына ашық ауада дене шынықтыру сабақтарын өткізуге болмайды;
• пәтерлер мен ғимараттардың терезелерін ашпау;
• қайнатылған, тазартылған немесе сілтілі минералды газдалмаған суды, шай ішіңіз;
• ауыз қуысын әлсіз сода ерітіндісімен жиі шайыңыз;
• дәрумендерге бай тағамдарды, көкөністер мен жемістерді, итмұрын, мүкжидек негізіндегі витаминді сусындарды, шөптерден жасалған тағамдарды, табиғи шырындарды тұтыну;
• сүт, қышқыл сүт өнімдерн және етті көп жеңіз;
• уытты заттарды шығару және ағзаны тазарту үшін тагансорбентті, белсендірілген көмірді қолданыңыз.
Пікірлер