Анықталғандай, қаладағы "Өскеменспецкоммунтранс" ЖШС монополияға жол берген, хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ШҚО бойынша департаменті өкілдері берген ресми мәліметке сүйенсек, «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС өнеркәсіптік және құрылыс қалдықтарын көму бойынша қызметтердің бағасын көтерген.
- Қоқыс шығаратын кәсіпорын монополияға жол берді. Тергеу қорытындысы бойынша аталған серіктестіктің 690 268 теңге көлемінде заңсыз табыс тапқаны анықталды. Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғап, кәсіпорынды сотқа берді, - деп хабарлады департамент өкілдері.
Сот шешімі бойынша кәсіпорынға 566 094 теңге айыппұл салынып, монополиялық кірісті тәркілеу туралы қаулы шығарды.
Пікірлер