Оқиға 4-ші желтоқсан күні таңертең Есенберлин даңғылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәлім болғандай, Hyundai Tucson маркалы көлігінің 63 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. - Осылайша көлік Toyota Yaris, Subaru Legasy және УАЗ көліктерімен соқтығысты, - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Нәтижесінде Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фотосурет: inbusiness.kz
Пікірлер