A+ A A-

talgatzhan 51 5-12-2024, 11:55 0

Өскеменде әткеншектен құлаған 8 жасар баланың өлімі: Іс сотқа берілді

Өскемен

Қайтыс болған баланың ата-анасы жуықта ғана облыс әкімі Ермек Көшербаевтың қабылдауында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға биыл шілде айында тіркелген еді. Марқұмның туыстарының айтуынша, 8 жасар Арсений «Сәулетай» саябағында әткеншектен құлап, мертіккен. Кейін 12 күн комада жатып, қайтыс болды.
Кеше, 4-ші желтоқсанда аймақ басшысы Ермек Көшербаев қайтыс болған баланың ата-анасымен кездесіп, аталған іске қатысты ойын білдірді.
- Бұл іс бойынша тергеу аяқталды және сотқа жіберілді. Мәселе мынада, көптеген жекеменшік ұйымдардың лицензиясы жоқ және бұл мәселе қазір өте өзекті болып тұр. Аталған жағдайдан кейін мен балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарындағы барлық спорт нысанын мұқият тексеруді тапсырдым, - деді облыс әкімі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив