Румыния астанасы Бухарестте жуықта XXI Халықаралық жасөспірімдер жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Румыния астанасы Бухарестте жуықта XXI Халықаралық жасөспірімдер жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO) аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ауқымды білім бәйгесіне әлемнің 60 елінен 360-тан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
– Қазақстан құрамасы бұған алты оқушы апарды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушылар 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды, – делінген rspn_daryn парақшасы таратқан ақпаратта.
Оқушылар тізімі төмендегідей:
1) Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы ХБН НЗМ-нің 10-сынып оқушысы (2 орын);
2) Әділ Жиенбаев – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы (2 орын);
3) Анастасия Пономарева – Астана қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы (3 орын);
4) Әбдіжан Ибраимов – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы (3 орын);
5) Мұнар Сағымбай – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы (3 орын);
6) Әлихан Іскендір – Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы (3 орын).
Айта кетейік, Айзере Өскеменнің тумасы. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінде оқиды. Жерлесіміз бұл олимпиадамен тоқталып қалмақ емес. Алда одан да ауқымды сайыстар күтіп тұр.
Осы ретте команда жетекшілерін де ұсына кетуді жөн көрдік:
•Самат Мұратбекұлы Мақсұтов – PhD докторы, SDU доценті;
•Айдос Бекзатұлы Сәрсенбай – Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
•Мұхаммедәлі Ғаниұлы – SDU студенті, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Біздің анықтама:
IJSO - 15 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған халықаралық ғылыми сайыс. Бұл олимпиада 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2023 жылы Бангкокта өткен жарыста Қазақстан құрамасының барлық алты қатысушысы жүлдегер атанған болатын. Биыл да оқушылар Астанада екі апталық оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Пікірлер