Фристайл-могулдан Ұлттық құрама мүшесі, өскемендік Павел Колмаков Грузияда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаһандық жарыс Бакуриани қаласында өтіп жатыр. Olympic.kz хабарлауынша, ерлер арасындағы іріктеу сайысына Қазақстан құрамасынан Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков және Максим Емельянов қатысты.
Нәтижесінде негізгі жарысқа тек Павел Колмаков өтті. Ол іріктеу кезеңін 15-орында аяқтап, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Ал Бондарев 36-орын, Бугаков 38-орын, Емельянов 42-орын иеленді.
Іріктеу кезеңінде бірінші орынды канадалық спортшы Микаэль Кингсбери жеңіп алды.
Бүгін ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей жарыста медальдар сарапқа салынады.
Фотосурет Olympic.kz сайтынан
Пікірлер