A+ A A-

talgatzhan 32 24-12-2024, 14:30 0

Өскеменде «Есте жүрер есті сөз» кітабы оқырманға жол тартты

Өскемен / Бүгін

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Өскемен қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Сайлаухан Аухадиевтің 85 жасқа толуына арналған «Есте жүрер есті сөз» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұдан бөлек, жерлесіміз Өскемен қаласының, Күршім, Катонқарағай және Тарбағатай аудандарының «Құрметті азаматы». Сайлаухан Әбілханұлы 1939 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. Үлкен Нарын, Марқакөл-Боран, Тарбағатай аудандарында жемісті еңбек етті. 1970-1973 жылдары Большенарым ауданы, Ленин атындағы колхоздың бас агрономы, 1973-1978 жылдары осы колхоздың төрағасы болды. 1978 жылы Марқақөл ауданына, Боран кеңшарының директоры қызметіне ауыстырылды.
Сайлаухан Әбілханұлы 1980 жылы Тарбағатай аудандық мәслихатының бірінші хатшысы болып, 1992 жылы облыстық партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Ел ағасы Тарбағатай ауданында 10 жыл табысты қызмет етті. Алды кең, азаматтығы мол басшы болды. Халықтың рухани өмірінде жақсылықпен аталатын көп із калтырды. Шаруашылық саласындағы жемісті еңбегі Тарбағатай ауданының басшылық қызметіне өсірді. 
- Он жыл халықпен қоян-қолтық еткен еңбек жылдардың жемісі ретінде Ақжардағы саябақ,  барлық мектептер жанынан салынған спорттық кешендер, аудан орталығындағы алғашқы базар құрылыстары, ипподром, аэропорт бағытында егілген тоғай, мұз айдыны халықтың есінде. Большенарым ауданы «Ленин» колхозында еңбек еткен жылдары Еңбек Ері, Экономика ғылымының  кандидаты, сол кездегі республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Орталық партия съезінің делегаты болып дәуірлеген, Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде аты аңызға, ісі мен сөзі ақылға толы  Бошай Кітапбаевтай ел ағасымен қызметтес болды, тәжірибе жинақтады. Осы колхозда 6 жылдай төраға болып еңбек етті, - делінген ақпаратта.
Сайлаухан Әбілханұлы Антимонополиялық комитеттің алғашқы төрағасы, ШҚО астық инспекция басқармасының бастығы, ҚР а/ш министрлігінің ШҚО аймақтық астық инспекцияның бөлім басшысы қызметтерін атқарған, еңбек демалысына шыққаннан, осы уақытқа дейін Өскемен қаласы ақсақалдарының төрағасы.
Бүгінгі сексен бес жастың салтанатына туған елі мен жұртына өмірлік естелігін жазып, араласқан, сыйласқан замандастарының жақсылығы мен сыйластығын паш ете, баспадан «Еңбекпен өрілген өмір» өмірдерек кітабын шығарды. 
Мерекелік шарада «Есте жүрер есті сөз» кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Жиынға Сайлаухан Әбілханұлының бірге жұмыс істеген әріптестері, достары, жерлестері қатысты. 
- Өскемен қаласының әкімнің орынбасары Ирина Смит және Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Александр Светаш шара шымылдығын ашып, кеш иесіне әкімнің құттықтау хатын тапсырып, иығына шапан жапты. Кеш қонақтары ақжарма тілектерін арнап, сый-сияпаттарын жасады, шараға аудандардан арнайы келген өкілдер құттықтау сөздерін оқыды, - деді шараны ұйымдастырушылар.
Есмұрат Қыдырмолдин, Жұмабек Демесінов, Нәбиолда Кемешев, Серік Құсанбаев ағалар әсем әндерімен кештің ажарын ашты.
Күршімде туып, Үлкен Нарын, Марқакөл – Боран, Тарбағатай ауданы, Шығыс өңірінде басшылық қызмет атқарған ел ағасы Сайлаухан Әбілханұлы кеш соңында жиналған жұртқа алғысын білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив