Ер адамның денесі Д.Серікбаев көшесіндегі әкімшілік ғимараттардың бірінің жанынан табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайытының тілшісі.
Мәйітті қала тұрғындары көріп, тәртіп сақшыларына хабарлаған.
- Ер адам шамамен 45 жаста, сырттай қарағанда денесінде зақым белгілері көрінбейді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Соған сәйкес сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіледі, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Фотосурет: egemen.kz
Пікірлер