Жыл аяқталуға таяғанда жанымыздағы үлкеннен де, кішіден де «Жаңа жылға не киемін?» дейтін сұрақты көп еститініміз белгілі. Көздің жауын алатын түрлі-түсті киімдер мен әр алуан батырлар мен кейіпкерлердің костюмін көргенде бала тұрмақ, үлкендердің өзі абдырап қалады. Бұл мақалада кішкентайларымызға жаңажылдық киім таңдау үшін қаладағы түрлі дүкендерді ұсынатын боламыз, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мерекеге ертерек қамданып, балаңызға жаңажылдық киімді алдын-ала таңдап қойғаныңыз жөн. Костюмдерді тіктіртіп үлгермесеңіз облыс орталығында дайын киімдерді сататын бірнеше дүкен бар. Олар қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан. Балаңызды ертіп алып, ұнағанын таңдап, өлшемі сай келгенін сатып немесе жалға алсаңыз болады.
• «Эльф» дизайн-студиясы. Бұл студияда 3 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың жаңажылдық киімдерін жалға ала аласыздар. Бағалары әртүрлі, орташа есеппен бір киімді бір күнге жалға алу – 4000 теңге. Үлкендерге арналған киімдер де бар, олардың бағасы сәйкесінше екі есе қымбат. «ЦУМ» сауда үйінің 3-ші қабатында орналасқан студия күн сайын таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: 8-777-980-72-36, 8-771-512-37-48.
• «DRESS_KIDS_uka» жалға беру орталығы. Орталықты Увалиев көшесінде орналасқан «Болашақ» сауда үйінің 3-ші қабатынан таба аласыздар. 3 айлық баладан 15 жастағы жасөспірімге арналған киімдерді бір күнге жалға алу 3000 теңгеден басталады. Байланыс нөмірі: 8-777-994-14-51. Көрсетілген нөмірге алдын-ала хабарласқаннан кейін орталыққа барғандарыңыз жөн. Киімді үйде отырып, онлайн да таңдауға болады. Орталықтың «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасы: @dress_kids_uka_.
• «Kinder City» балалар дүкені. Орталық базарда орналасқан дүкеннен балаларға керектінің бәрін табуға болады. Мерекелік заттардың бағалары да түрліше. Мысалы әртүрлі жастағы балаларға арналған жаңажылдық костюмдерді дүкен сөрелерінен 3000-6000 теңгеге табуға болады. «Валентина» сауда үйінде орналасқан дүкен таңғы 10:00-нан кешкі сағат 18:00-ге дейін ашық. Байланыс нөмірі: 8-777-065-61-99, 8-747-677-55-64.
• Балаларға арналған «Раскупайка» комиссиялық дүкені. Қаладағы ең арзан мерекелік киімдерді дәл осы дүкеннен таба аласыздар. Мысалы 1 жастан 11 жасқа дейінге балалардың костюмдері небәрі мың теңгеден басталып, ары кеткенде 4000 теңгеге барып тіреледі. Назарбаев даңғылы, 40 мекенжайында орналасқан дүкен таңғы 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Байланыс нөмірі: 8-705-460-18-87.
Пікірлер